+7 (775) 555-45-54
  9.00-ден 16.00-ге дейін жұмыс күндері
+7 (775) 555-45-54
  9.00-ден 16.00-ге дейін жұмыс күндері

Микрокредиттер беру қағидалары

1. Микрокредит беру шарттары
2. Микрокредит беруге арналған өтінішті ұсыну тәртібі және оны қарау тәртібі
3. Микрокредитті өтеу әдістері
4. Микрокредит беру туралы шартты жасау тәртібі
5.Қарыз алушыға, кепіл берушіге, қоса қарыз алушыға және микрокредиттік ұйымға ұсынылатын (бар болған жағдайда)
6. Берілген микрокредиттер бойынша сыйақы төлеу тәртібі.
7. Микрокредит беру құпиясы

1. Микрокредит беру шарттары

1. Микрокредиттер жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен беріледі.

2. Микрокредиттің ең жоғарғы сомасының мөлшері әрбір қарыз алушы үшін жеке белгіленеді:

1) микрокредиттер Қазақстан Республикасының тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заңымен белгіленген АЕК-тің жиырма мың есе мөлшерінен аспайтын мөлшерде беріледі;

2) жылжымайтын мүліктің кепілі түріндегі қамтамасыз етудің бағалау құнының (кепіл беруші мен кепіл ұстаушы – Ұйымның) 60%-нан (Алпыс пайызынан) аспайтын мөлшерде;

3. Микрокредиттің минималды сомасының мөлшері Ұйым бекіткен Өнімдер қатарының бағдарламаларына қарай белгіленеді және келесіні құрайды:

1) жылжымайтын мүлікті кепілге салып қамтамасыз етудің (жылжымайтын мүліктің) бағалау құнының 10%-нан (Он пайызынан) кем емес  мөлшерде, бірақ 1 000 000 (бір миллион) теңгеден кем емес мөлшерде;

4. Микрокредитті берудің шектік мерзімдері келесідей:

1) минималды мерзім – 12 (Он екі) ай;

2) максималды мерзім – 60 (Алпыс) айға дейін

5. Күнкөріс минимумы жалпы Қазақстан бойынша анықталады және инфляцияның ескерілуімен тиісті қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы заңмен жыл сайын белгіленіп отырады.

6. Өтініш берушінің (қарыз алушының, қоса қарыз алушының) міндеттемелерін орындаудың қамтамасыз етуі ретінде жылжымайтын мүлік кепілге қабылданады.

2. Микрокредит беруге арналған өтінішті ұсыну тәртібі және оны қарау тәртібі

1. Микрокредит алу үшін, өтініш беруші микрокредит беруге арналған өтінішті (әрі қарай – «өтініш») толтырады және Ұйым бекіткен Кредиттiк құжаттаманы қалыптастыру әдістемесіне сәйкес құжаттарды ұсынады. Өтініш пен құжаттарды әрі қарай Кредит комитетінде қарауға жіберу үшін Ұйымның құрылымдық бөлімшесінің қызметкері қабылдайды.

2. Өтініш беруші құжаттардың толық пакетін ұсынуы шартымен және осы Бөлімнің 3-т. сәйкес Ұйым қызметкерлерінің тұжырымдары бар болған жағдайда өтініш Кредит комитетінің қарауына шығарылады.

3. Өтініш берушіден өтініш пен қажетті құжаттар пакеті алынғаннан кейін, өтініш Ұйымның филиалында келесі міндетті кезеңдерден өтеді:

1) кредит бюросымен жұмыс жасау жөніндегі маманның Ұйым белгілеген тәртіпте есептерді ұсынуы (КБ есебі және қажет болған жағдайда МЗТО есебі);

2) өтініш берушінің қаржылық жағдайы мен кредиттік қабілеттілігін бағалауды (филиалдың) құрылымдық бөлімшесінің қызметкері/ БЭК-кеңсенің микрокредит беру жөніндегі маманының асырады;

3) кепілге салынған жылжымайтын мүлікті бағалау тәуелсіз бағалаушы тарапынан анықталады;

4) құрылымдық бөлімше (филиал) қызметкерінің / БЭК-кеңсенің микрокредит беру жөніндегі маманының тұжырымын ресімдеу;

5) құрылымдық бөлімше (филиал) қызметкерінің / БЭК-кеңсе заңгерінің жоба бойынша заң тұжырымын ресімдеу;

6) БЭК-кеңсенің экономикалық ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің жетекші маманының тұжырымын ресімдеу;

7) жоба бойынша шешім қабылдауды БЭК-кеңсенің Кредит комитеті жүзеге асырады;

8) жоба бойынша кредиттік құжаттаманы қалыптастыруды (филиалдың) құрылымдық бөлімшесінің қызметкері / БЭК-кеңсенің микрокредит беру жөніндегі маманының асырады.

4. (Ұйымның) БЭК-кеңсесінің Кредит комитетінің микрокредиттеу жобасын қарауының нәтижесі туралы және жоба бойынша микрокредиттеудің шарттары туралы филиалдың) құрылымдық бөлімшесінің қызметкері/ БЭК-кеңсенің микрокредит беру жөніндегі маманы өтініш берушіге белгіленген тәртіпте хабарлайды. Бұл ретте, микрокредит беру бойынша кері шешім қабылданған жағдайда, (Ұйымның) БЭК-кеңсесінің Кредит комитеті өтініш берушіге бас тартудың себептерін ашпайды. 

3. Микрокредитті өтеу әдістері

1. Микрокредит беру туралы шартты жасасқанға дейін Ұйым, микрокредитті өтеу әдісімен танысу және оны таңдау үшін түрлі әдістермен есептелген өтеу кестелерінің жобаларын беруге міндетті. Қарыз алушыға міндетті түрде микрокредитті келесі өтеу әдістерін қамтитын, Ұйым жеке тұлғаларға беретін микрокредиттер бойынша тұрақты төлемдерді есептеу әдістемесіне және уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген осындай микрокредиттер бойынша сыйақыны есептеуге арналған уақыт базаларына сәйкес есептелген, микрокредит беру туралы шартта белгіленген кезеңдері көрсетілген өтеу кестелерінің жобалары ұсынылуға тиіс:

1) сараланған төлемдер әдісімен, оның барысында микрокредит бойынша берешекті өтеу – негізгі қарыз бойынша төлемдердің теңдей сомаларын және кезең бойына негізгі қарыздың қалдығына есепке жатқызылған сыйақыны қамтитын азайтылатын төлемдермен жүзеге асырылады;

2) аннуитеттік төлемдер әдісімен, оның барысында микрокредит бойынша берешекті өтеу – кезең бойына негізгі қарыздың қалдығына есепке жатқызылатын, негізгі қарыз бойынша көбейтілетін және сыйақы бойынша азайтылатын төлемдерді қамтитын микрокредиттің бүкіл мерзімі бойына теңдей төлемдермен жүзеге асырылады. Бірінші және соңғы төлемдер басқа төлемдерден өзгешеленуі мүмкін;

3) Өнім қатарына сәйкес төлемдерді өтеудің өзге әдістерімен.


4. Микрокредит беру туралы шартты жасау тәртібі

1. Өтініш берушінің өтінішін Ұйымның Кредит комитеті мақұлдағаннан кейін, тараптар келесі шарттардың міндетті түрде орындалуымен жазбаша нысанда микрокредит беру туралы үлгілік шарт жасасады:

1) Жылжымайтын мүліктің кепілге қойылуымен кредиттеген жағдайда жылжымайтын мүліктің кепіл шартын жасау.

2) Жылжымайтын мүліктің және онымен мәмілелер жасаудың ауыртпалығын (кепілін) кепіл нысаны тіркелген жері бойынша тіркеу; жылжымайтын мүлікке қатысты ауыртпалықты (кепілді) тіркеу – жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын аумақтық әділет органдары тарапынан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КАҚ аумақтық органдары арқылы жүзеге асырылады.

3) Жылжымайтын мүліктің кепіл шарты – барлық қажетті құжаттардың тіркеуші органға тапсырылуы жолымен, кепіл шарты мен микрокредит беру туралы шарт жасалған күннен кешіктірместен уәкілетті тіркеу органында мемлекеттік тіркеуге тапсырылуы тиіс.

4) Келесілер кепілге қойылған жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеудің растамасы болып табылады:

– кепіл, жылжымайтын мүлік шартында кепілді мемлекеттік тіркеу туралы мөртабанның басылуы немесе мемлекеттік тіркеу туралы хабарламаның ұсынылуы (кепіл шарты электрондық жолмен тіркелген жағдайда);

– жылжымайтын мүлікке қатысты тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) мен оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманың берілуі, Ұйымның кепіл ұстаушы ретінде көрсетілуімен;

5) Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінде қарыз алушының банк шотын ашуы.

6) Мүліктің кепілін, сондай-ақ кепіл шартына арналған қосымша келісімдердің барлығын тіркеумен байланысты шығындар қарыз алушыға / қоса қарыз алушыға/кепіл берушіге

7) Микрокредитті беру – қарыз алушы Ережелердің осы Бөлімінің жоғарыда аталып өткен шарттарын орындағаннан кейін, қарыз алушының банк шотына 5 (бес) жұмыс күні ішінде ақша аудару жолымен жүзеге асырылады.


5. Қарыз алушыға, кепіл берушіге, қоса қарыз алушыға және микрокредиттік ұйымға ұсынылатын (бар болған жағдайда)  қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

1. Қарыз алушыға, кепіл берушіге, қоса қарыз алушыға (жеке тұлғаға) қойылатын талаптар:

1) Өтінім қарастырылған сәтінде жасы 21-ден 63-ке дейінгі Қазақстан Республикасының азаматы(шасы) болуы;

2) микрокредит беруге арналған өтінішті қабылдаған Ұйымның / Ұйым филиалының орналасқан жері бойынша, Қазақстан Республикасының тиісті аймағында / елді мекенінде, соның ішінде Ұйым бекіткен Кепілзат саясатының талаптарына сәйкес Ұйымның филиалдарында / бөлімшелерінде кепілзатпен қамтамасыз ету ретінде қабылданатын жылжымайтын мүлік орналасқан жерде тұрғылықты жері бойынша қолданыстағы тұрақты тіркеуінің бар болуы;

3) басқа ұйымдардың алдындағы қолданыста жүрген кредиттік берешегі болған жағдайда, қолданыстағы/жабық қарыздар бойынша шарттың мәртебесі, берешектің қалдығы, кредиттеу кезеңі, кредиттік тарихы назарға алынады.

2. Өтініш берушінің (қарыз алушының, қоса қарыз алушының) міндеттемелерін орындаудың қамтамасыз етуі ретінде келесі жылжымайтын мүлік қабылданады:

1) пайдалануға берілген өтімді жылжымайтын тұрғын үй мүлкі (пәтерлер, жер телімдері бар үйлер және т. б.), жер телімдерін қоспағанда;

2) пайдалануға берілген өтімді жылжымайтын тұрғын емес мүлік (дүкендер, кеңселер, қойма үй-жайлары), жер телімдерін қоспағанда;

3. Кепілзаттық қамтамасыз етуге қойылатын негізгі талаптар Ұйымның ішкі құжаттарының талаптарымен анықталады.

4. Кепілзат – кепіл туралы шартты жасаудың және оны уәкілетті органда тіркеудің салдарынан туындайды. Кепіл шарты жазбаша нысанда жасалуы тиіс.

5. Жылжымайтын мүліктің кепілге қойылуымен кредиттеген кезде, қарыз алушы мен кепіл берушінің әр түрлі тұлғалар болуына жол беріледі, бірақ олар бір-бірімен жақын туыстықта немесе тіркелген заңды некеде тұрған жағдайда ғана; мұндай жағдайларда кепіл берушілердің жалпы саны шектелмеген. Бұл ретте кепіл беруші микрокредит беру туралы шарт бойынша қоса қарыз алушы ретінде әрекет етуі тиіс

6. Бұл Ережелерде жақын туыстықта тұрған тұлғалар ретінде келесілер тұспалданады: Қазақстан Республикасы аумағында тұратын және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ата-анасы (әкесі немесе анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алған балалары, бір туған және бір тумаған бауырлары мен апа-қарындастары/сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері;

7. Егер қарыз алушы жылжымайтын мүліктің кепілге салынуымен микрокредит беру туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, Ұйым Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына және кепіл шартына сәйкес кепілге салынған мүлікке қатысты өндіріп алу айналысын қолдануға құқылы болады.


6. Берілген микрокредиттер бойынша сыйақы төлеу тәртібі.

1. Қарыз алушы сыйақыны микрокредит беру туралы шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын төлем жасау кестесіне сәйкес негізгі қарыз сомасымен бірге Кредит берушінің есеп айырысу шотына ай сайын енгізу/аудару жолымен төлейді.


жүктеу